Ынжық – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ынжық» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1081
Кетiп тiрлiк кетеуi
Мың құлатып, мың жықты...
Жыным қозып кетедi
көрсем осы ынжықты.
Тұрамын ғой шыдамай,
от шарпиды дененi.
Ынжық деген, құдай-ай,
неткен қансыз жан едi!
Неткен сорлы мұншама!
Құлатады туыңды! –
Үндемейдi
құйса да
төбесiне жуынды.
Сүмiрейiп тұрғаны
салса да әкеп табанға –
Жүресiң ғой жынданып
ынжық осы адамға.
Күйесiң де жанасың
бүгiлсе де, бұқса да –
үндемейдi,
қарашы,
басын күлге тықса да.
Жiбердiң деп есеңдi
Ызаланам,
кiжiнем! –
тепсем бе екен осы ендi
«ыңқ» еткiзiп iшiнен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ынжық өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ынжық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ынжық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ынжық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері