Пешене

Бұл бетте «Пешене» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1636
Періштелер жазып отыр мықты өлең.
Мықты өлең де тәмам болар, нүктемен.
Мың нүктелер ой түзеді күтпеген,
Сөз түзеді бітпеген...
Ғажайып па?
Ал ғажайып,
Сенбеген соң, бара жатыр азайып.
Сен екеуміз бәрін қолдан жасайық!
Пешенеге жазылмаған тағдырды,
Періштенің қолынан тартып алып жазайық!
Өткен күндер-ымырт шақ!
Ымырт шақты тура қазір ұмытсақ!
Ар көтерген арқамызды дәл бүгін
Күнге тосып жылытсақ...
Кеше толған, қайта бүгін солыпты АЙ,
Өзгереді ол да ешкімнен қорықпай!
Үрейі жоқ, қанаты бар тағдырлас,
Қайда жүрсің маған осы жолықпай?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пешене өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Пешене өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пешене өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пешене өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері