Шегірткелер – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Шегірткелер» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 493
Ойлаумен әрбiр сағат, әр күнiмдi
ар жылап, жүрек күйiп жан бүлiндi...
Бұлт болып шегiрткелер қаптап ұшып
жалмауда астығымды, шалғынымды.
Опат кеп көктеп тұрған бал ғұмырға,
түтiп жеп тулақ етiп, шаң қылуда!
түп-түгел орып, отап жасылымды
орнында сояуларын қалдыруда.
Бүлiгiн көрген кезде жан шығармай!
(Налисың ауыр ойдан аршыла алмай).
...Тiрлiктi қырқып жатыр, қиып жатыр
бейне бiр қанаты бар қайшылардай.
Көбейiп кеттi қазiр желiккен ер.
(Ғұмыры желiкеннен жерiп келем).
Тек астық, шалғында емес,
байқайсың ба,
өмiрде қаптап кеттi шегiрткелер.
Жiбермей өзiн-өзi – бұлқынуға
көп адам өз жiгерiн құм қылуда.
Қаптаған шегiрткедей өтiрiктен
ақ арман, жасыл үмiт қырқылуда.
Сақта тек ұстыныңды, тiрегiңдi!
Сақта тек тамырыңды, тiлегiңдi!
Сөз бiткен шегiрткедей бұлт боп ұшып
талауда жаның менен жүрегiңдi.
Тiрлiктiң мiнiп жауыр жайдағына
бас идiк қайдағы мен жайдағыға...
Айла мен қулық, сұмдық шегiрткесi,
елiмнiң ойран сап тұр жайлауына...
Қарасам уақыттың қабағына
жабығып жас үйiрiлер жанарыма...
Бұл күнде ұлтым менен ұлы далам,
түсiп тұр шегiрткелер талауына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шегірткелер өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шегірткелер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шегірткелер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шегірткелер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері