Кімге не артық

Бұл бетте «Кімге не артық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5787
Тәкәппарға көз артық —
Көріп тұрып көрмейді.
Жарымеске сөз артық —
Жөн сөйлеуді білмейді.
Не істесе де оңдырмас —
Артық қолы олақтың.
Тілазарға тыңдамас
Қажеті жоқ құлақтың.
Ғұмырында, әр уақта,
Түк істемес құмартып,
Жалқауларға
Құлақ та,
Көз де,
Қол да,—
Бәрі артық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кімге не артық өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Кімге не артық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кімге не артық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кімге не артық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері