Қош бол, тобыл аруы

Бұл бетте «Қош бол, тобыл аруы» атты Сырбай Мәуленов жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3444
Менмін адал ар ұлы,
Қазғаным жоқ саған ор.
Қош бол, Тобыл аруы,
Қош бол енді, аман бол!
Сөніп қалған жалыны
Саған деген күз ішім.
Қош бол, Тобыл аруы,
Ай да тумас біз үшін.
Кірлеп босқа жанымды
Таға алмассың маған мін.
Таптағам жоқ арыңды
Алдағам жоқ, адалмын.
Қалдым аман жалыннан
Жауынсыз жаз өртенбей.
Қалдым аман ағыннан
Құшағында ерте өлмей.
Сен кездестің болып у,
Қайдан табам дәріні...
Қиын енді жолығу
Қош бол, Тобыл аруы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош бол, тобыл аруы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қош бол, тобыл аруы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қош бол, тобыл аруы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қош бол, тобыл аруы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері