Өлең, жыр, ақындар

Аңсау

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 519
Ұшып қиял ғарышқа
Әрбiр сөзден от тауып,
Айдалада, алыста
Жүретiн ем шөп шауып.
Шалғыларды қылыштай
Тұратын ем қайрап мен.
Шымыр едiм құрыштай
Нар сияқты қайратты ем.
Шалғы оратын сырылдап –
Саз шығатын қаншалық –
Шегiрткелер шырылдап,
Бозторғайлар ән салып...
Тұла бойға от енiп,
Бекем байлап белiмдi,
Кететiн ем көтерiп
Бiр шөмеле шөбiңдi.
Сауылдайтын тер көзге!
(Қазiр ендi армандай).
Болатын ем сол кезде
Бұлт көтерiп тұрғандай.
Бүгiнде ендi шаршап мен
Сенделемiн, сабылам...
Сол бiр шақты аңсап мен
Сағынамын, сағынам.
Қайда – терiм тамшылап! –
Өзiмдi өзiм бiлген кез, –
Айырыма шаншып ап
Бұлт көтерiп жүрген кез?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жол табу

  • 0
  • 0

Iшiн құрт жеп дәнсiз қалған жаңғақтай,
салмағы жоқ желдi күнгi қаңбақтай, –
қиындықтың шырмауынан шығарар
отырасың кейбiр кезде жол таппай.

Толық

Немерелерiме

  • 0
  • 0

Құлдыраңдаған
Құлыншақтарым-ай!
Желмен желбiреген
Тұлымшақтарым-ай!

Толық

Қайтайын деп кезiп аң, құс мекенiн

  • 0
  • 0

Қайтайын деп кезiп аң, құс мекенiн
кеткен едiм ен далаға жеке бiр.
...Көкжиектен шөкiм қара бұлт шықты
сүйреп тартып жалба-жұлба етегiн.

Толық

Қарап көріңіз