Көл бетіндегі кешкі фантазия

Бұл бетте «Көл бетіндегі кешкі фантазия» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.06.2022
  • 0
  • 0
  • 823
Көл де тұнық, сөз тұнық,
Тұнық ой да, сана да...
Батар күнге көз тiгiп
Жас қыз отыр жағада.
Шапақ бояп аспанды,
Тұнып қалған айнала.
Қыз лақтырар тастарды
Көл бетiне жай ғана.
Басың қалай айланбас.
Жүрек-шiркiн селк етiп, –
Қыз лақтырған майда тас
Түскен сайын шолп етiп.
Шолп етедi...
Тұрады
Дүниенi ән бөлеп, –
Су бетiне шығады
Қүйтабақтар дөңгелеп.
Көзге сiңiп суретi,
Көңiлiңе – сорабы...
Сол тастардан
Су бетi
Күйтабаққа толады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көл бетіндегі кешкі фантазия өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көл бетіндегі кешкі фантазия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көл бетіндегі кешкі фантазия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көл бетіндегі кешкі фантазия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері