Тұтқындар

Бұл бетте «Тұтқындар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 729
Айтар кезде –
Ешқашан да бұққым жоқ.
Айтар кезде –
Ешқашан да бүккiм жоқ.
Барар жерiн,
Шығар жерiн бiлместен
Маскүнемдер араққа жүр тұтқын боп.
Көше кезiп көр боп кеткен қайран жан!
Соны көрiп қаншама мен қайғы алғам.
Жүр ғой қазiр –
Қанша менiң ұрпағым! –
Есiрткiге тұтқын болып байланған.
Сол сұмдыққа, –
Қара қәне –
Қаймықпа!
Күреске шық,
Қасiреттi жайды ұқ та.
Толтыра алмай қомағайлық құлқынын
Бiреулер жүр тұтқын болып байлыққа.
Керегi жоқ ол жандарға ешкiм де.
Қарамайды өштiң бе, әлде өстiң бе?!
Ал бiреулер өз жұртынан безiнiп
Тұтқын болған басқа тiл мен дәстүрге.
Иыққа алдық болашақтың жүгiн бiз.
Әнге қостық болашақтың үнiн бiз.
Сол адамдар босап шықса тұтқыннан
Қандай биiк Ел болар ек бүгiн бiз.
Зердеңе сал,
Санаңа құй,
Ұқ мұны! –
Мәңгiлiкке есiңе ұстап тұт мұны.
Тұтқын болсаң болу керек тек қана
Елге деген махаббаттың тұтқыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұтқындар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тұтқындар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұтқындар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұтқындар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері