Бұл бетте «Кездік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сырласқандай тұңғиықпен, тереңмен
Бар айнала тыныштыққа бөленген.
Сол бiр сәтте күркiретiп аспанды
Реактивтi ұшақ өттi төбемнен.
Бұзғандай ол шетiм менен шебiмдi, –
Суық бiр леп шарпып өттi бетiмдi.
Бара жатты тiлiп ұшып көгiмдi
Аппақ ұшақ аппақ кездiк секiлдi.
Еңсенi ездi ауыр қара мұң шығып.
Көкiрегiм қарс айырылды күрсiнiп.
Тұла бойы тыжырынып, түршiгiп
Дүние тұр бiр уыс боп тұншығып.
Бұл өмiрде сор да көрдiк, бақ сездiк.
Қуанышты,
Қайғылы да шақ кездiк.
...Аспанымның аппақ майын ақтарып
Iреп сойып бара жатты Ақ Кездiк.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі