Мадақ жыры

Бұл бетте «Мадақ жыры» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 945
Балпаң-балпаң басқанда
Қара жер қайысты.
Алшаң-алшаң басқанда
Қара тас майысты.
Керуендерiмнiң салмағынан
Жоталар
Жаншылып қалды.
Жылқыларым
Суатқа құлағанда
Көлдер суалып,
Таусылып қалды.
Жауларым
Маған құл болуға
Зар боп жатты.
Сiңбiрiгiм – қаймақ,
Сiлекейiм бал боп ақты.
Күбiлерiм
Күрпiлдеп пiсiлдi.
Сабаларым
Күркiлдеп iсiндi.
Астауым емен,
Шыңырауым
Шегем болды.
Төбемде құндыз,
Маңдайымда
Жұлдыз жанып тұрды.
Құсымның текпiнi
Арлан қасқырды өлтiрдi.
Садағымның екпiнi
Алты қырды төңкердi.
Қара тасты
Қара балшықтай иледiм.
Жауымның жерiн
Тулақ қып сүйредiм.
Сөйлесем
Тiлiм қылыш болды.
Қақырығым – алтын,
Түкiрiгiм – күмiс болды.
Өткен заман-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мадақ жыры өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мадақ жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мадақ жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мадақ жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері