Өлең, жыр, ақындар

Ұқпау

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 608
Мен осы
Кiмдермен жүрмiн?!
Аға дегенiм
Аға емес, –
Өзiн өзi бұлдау сияқты.
Жаға дегенiм –
Жаға емес, –
Шуаш сiңген
Шұлғау сияқты.
Iрi дегенiм –
Iрi емес, –
Шөгiп кеткендей.
Тiрi дегенiм –
Тiрi емес, –
Өлiп кеткендей.
Сонда
Бұл тiрлiктiң
Осымен қурап,
Солғаны ма?!
Немесе –
Бұл лағнет тiрлiктiң
Ағасы, жағасы жоқ,
Iрiсi, тiрiсi жоқ,
Сойқан мен содыр,
Обыр мен тобыр
Болғаны ма?!
Ұқпадым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиялдағы бақытты күн

  • 0
  • 0

Бүгiн мен
Дүниеге симай
Шалқып тұрмын.
Қорғасындай ерiп,

Толық

Қаралы Қараойда болған түнгі оқиға

  • 0
  • 0

Мәңгiлiк қаралы
Қаройдың үстiн
Қап-қара қалың
Қара бұлттар басқан кезде;

Толық

Қорқынышты түс

  • 0
  • 0

Қорқынышты түс көрдiм.
Тiршiлiк
Әлем-жәлем боп,
Терiс қарай

Толық

Қарап көріңіз