Бұл бетте «Қуғын-сүргін заманы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұлы Далам,
Ұлы Елiмдi қуғынға салды.
Көз көрiп,
Құлақ естiмеген
Қырғынға салды.
Тұла бойын түгел тiнтiдi.
Киiздей қақты,
Тулақтай сiлкiдi.
Адамдарын
Бiрiн-бiрiне айтақтап,
Бiрiн бiрiне
Қан жоса қып қаптырды.
Бiрiн бiрiне
Мал құсап бақтырды.
Жайқалған шалғыным
Дөңкиген тасқа толды.
Елiмнiң омырауы
Қып-қызыл қанға боялып,
Етегi жасқа толды.
Құтырып алды!
Арыстарымның терiсiн –
Тiрiдей! –
Сыпырып алды.
Әруақтарымды күңiрентiп –
Аяғынан сүйреп! –
Моладан шығарды.
Неткен халық ек шыдамды?!
Көген қырқылып,
Керме мен желi үзiлдi...
Қара нарларымның –
Омақасып! –
Белi үзiлдi.
Қазанаттарымды
Қыл бұрау салып
Шырқыратты.
Сай-сүйектi сырқыратты.
Жүрмесiн деп
Табанымды тiлiп
Жылқының қылын
Қиып салды.
Басын көтермесiн деп
Мойныма құрық салды.
Сөйлемесiн деп –
Аузыма! –
Кiрдiң тасындай ап-ауыр
Құлып салды.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі