Ұлы адамның қабірі басында

Бұл бетте «Ұлы адамның қабірі басында» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 735
Арқырап жатқан
Таудай қара тасқынға
Қасқайып қарсы жүретiн
Қайығым едiң.
Қайығыңды
Құйрығымен бiр қағып
Астаудай аударып тастайтын
Жайыным едiң.
Ертiсiм едiң,
Едiлiм едiң.
Жайығым едiң.
Ойымыздың –
Бұлтты көкпен таласқан! –
Алатауы болдың.
Маңдайымызды сипаған
Перiштенiң
Алақаны болдың.
Сарқырамадай –
Бұрқырап төгiлiп –
Қайнап тұратын едiң.
Атылатын айдаhарды да –
Сөзбен арбап! –
Байлап тұратын едiң.
Нұрға шомылып,
Жап-жарық сәуле iшкендей
Аппақ едiң.
Ашулансаң –
Аяз,
Қуансаң –
Аптап едiң.
Емiренсең –
Елiңдi теңiздей шалқытып,
Тебiренсең –
Жерiңдi
Балқытып жiберетiн едiң.
Қара жерге
Қалай сиып жатырсың?!
Қара ормандай халқыңды
Қалай қиып жатырсың?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы адамның қабірі басында өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ұлы адамның қабірі басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы адамның қабірі басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы адамның қабірі басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері