Қатыгез – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қатыгез» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 814
Қарап тұр әлемге –
Көзi қанталап,
Адам бiткендi –
Бұтын бұт,
Қолын қол етiп! –
Тастайды
Ағаштай жаңқалап.
Адалды арам аяғымен
Былғап
Кешiп тастады.
Әйелдi аңыратып
Қос емшегiн қылышпен
Кесiп тастады.
Атамның басына тептi.
Уын өзегiме құйды.
Зәрiн өзенiме төктi.
Бомба боп жарылып
Жерiмдi
Қақыратып жыртты.
Ұрпағымды –
Құрсақта! –
Тұншықтырып құртты.
Жерiмнiң үстiне –
Қабағынан! –
Қар жауды.
Елiмнiң үстiне –
Күннiң шапағынан
Өртенiп жатқан бұлттардан –
Қан сауды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері