Жанталас

Бұл бетте «Жанталас» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 718
Даламның үстiн
Түндей қап-қара бұлт басты.
Бiреулер олай қашты,
Бiреулер бұлай қашты...
Жанталасып
Найзағайдың бұтағын ұстап ем
Олар сынып кеттi...
Бәйтеректiң бұтағын ұстап ем
Жел соғып
Жапырақтай жұлып кеттi.
Тастарға жармасып ем
Тастар
Менiмен бiрге домалады.
Қолымды
Күн-түнi балталады.
Жанымды
Күн-түнi жаралады.
Мойнымды
Күн-түнi аралады.
Сонда да болмадым.
АЯР
Сен менi
Алдап, арбап
Күлiп тұрасың.
Iшiңнен –
Мақау иттей! –
Үн шығармай
Үрiп тұрасың.
Баратын жерiмнiң бәрiне
Торыңды жазып қойғансың.
Басатын жерiмнiң бәрiне
Орыңды қазып қойғансың.
Тiктеп келсем –
Жықпыл-жықпылға кiрiп
Түлкiдей
Сырт қашасың.
Бұрылсам –
Соңыма арпылдаған
Ит қосасың.
Адамды адамға
Айдап саласың,
Қайта-қайта
Қайрап саласың.
Шiркiн-ай, –
Күндердiң күнiнде! –
Мазақ етiп
Күндей күркiреп күлсем ғой.
Қара бұлттардың iшiнде
Сiлкiнiп жатқан
Найзағайлардың бұтақтарын
Суырып алып
Жоныңнан таспа тiлсем ғой.
Айызым қанар едi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанталас өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жанталас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанталас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанталас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері