Бостандыққа жол

Бұл бетте «Бостандыққа жол» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 806
Ғасырлардың түбiнен
Бостандығымды iздеп шықтым.
Садағымды алдым,
Найзамды ұштадым.
Жолға шығарда
Қотыр тай ұстадым.
Қолым тигенде ол –
Құнан,
Жүген салғанда –
Дөнен,
Ер салғанда –
Бестi болды.
Екi аяқтыдан естi болды.
Асу-асу тауларда
Темiр таяқ алдым.
Темiр етiк кидiм.
Аязға тоңдым.
Аптапқа күйдiм.
Жетi басты
Жалмауызға жолықтым.
Құлдай қиналдым,
Күндей торықтым.
От дариясын кештiм.
Шыңдардың үстiмен
Бұлт боп көштiм.
Арсы-гүрсi шулаған
Теңiздерден өттiм.
Қанымды төктiм,
Қабырғамды сөктiм.
Жол ұзақ болды, –
Артым құз,
Алдым мұзарт болды.
Замана суығы
Жүрегiмдi сығып,
Жанымды қарыды.
Астымдағы тұлпарым
Тулақтай арыды.
Темiр етiгiм
Теңгедей болды.
Темiр таяғым
Тебендей болды.
Мен оған зорға жеттiм.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бостандыққа жол өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бостандыққа жол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бостандыққа жол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бостандыққа жол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері