Бүгінгі ертегі

Бұл бетте «Бүгінгі ертегі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2022
  • 0
  • 0
  • 667
Айдалада
Жалғыз қап –
Жабығып тұр едiм.
Өрт шалған ағаштай
Қамығып тұр едiм.
Аспаннан
Үйдiң орынындай
Мұнтаздай бұлт түсiп
Мамығына орап
Менi
Көкке алып кеттi.
(Байқадым,
Менi танып кептi).
Аспанға шықтым.
Бiр сәтте жеп-жеңiл
Аппақ түбiттей болдым.
Уайым, қайғысыз
Аппақ үмiттей болдым.
Перiште қыз iздеген
Жiгiттей болдым.
Ақ бұлттарға
Армансыз шомылдым...
Содан кейiн
Қара жартастай
Қара бұлттарға
Соғылдым.
Соғылдым!
Қара бұлттардан
Қып-қызыл
Найзағайлар шығып
Шатырлап кеттi.
Аспан
Күркiреп, күтiрлеп
Сеңдер соғылғандай
Сатырлап кеттi...
Сонда ғана
Талықсып жатқан елiмдi,
Сусырап жатқан жерiмдi
Есiме алдым.
Найзағайлардың бiр бұтағын
сындырып алып
Таудан асып бара жатқан
Бұлттарды
Сауырынан сабалап жүрiп
Қайырдым.
Аңғар-аңғарларда
Қосақталып жатқан
Бұлттарды
Бауырынан – жағалап жүрiп –
Айырдым.
Отығып жатқан
Отар-отар қойлардай,
Құйрық-жалдары желбiреген
Табын-табын жылқылардай,
Шудалары желкiлдеген
Иiр мойын түйелердей –
Бұлттарды! –
Ыққа қарай
Жөңкiлтiп қудым.
Желге қарай
Желпiнтiп қудым.
Бiразын
Маңғыстау құлатып,
Бiразын
Торғайға тоғытып,
Бiразын
Шыңғыстау асырдым.
Шексiз қуандым.
Шексiз тасындым.
Жерге түстiм...
Қайтадан қамықтым.
Қайтадан жабықтым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінгі ертегі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бүгінгі ертегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгінгі ертегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгінгі ертегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері