Бұл бетте «Тозақты қазақ көп көрдi» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тозақты қазақ көп көрдi.
Бастарынан
Зұлматтан
Зұлмат өткердi.
Тiрiдей отқа қақтады.
Күлге аунатып таптады.
Әзiрейiлдер жерiме
Сұқтанып
Сұғынып алды.
Жендет қолдарын
Кеуделерiне тығып жiберiп
Шыбын жандарын –
Шырқыратып! –
Суырып алды.
Қоңыраулы гүрзiлерiн шулатып
Мүңкiр-нәңкүрлер
Төбесiн ойды,
Маңдайын жарды.
Сорғалаған қанын
Сораптап iшiп қанды.
Таудың үстiне
Тас арқалатып айдады –
Азапқа салды.
Отқа шыжғырды,
Тозаққа салды.
Көз жасын,
Бұршақтай төккiздi.
Қылдай көпiрден өткiздi.
Уа, жаратқан ием!
Қасiреттi
Көп көрген елiме
Мәртебе, мерей бер.
Мейiрiмiңдi төгiп,
Рахымыңды түсiрiп
Желеп-жебей гөр!
Әумин.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі