Күндердің күнінде – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Күндердің күнінде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1019
Өмiрге құштар ақын,
Жан-жүрегiн
Қайғы-мұң қысқан ақын,
Күндердiң күнiнде –
Өлең дәптерiн –
Сыртқа шығарып
Қағып тұрды.
(Көз жасы сорғалап
Ағып тұрды).
Өлеңнiң әрiптерi –
Дәндер секiлдi! –
Ақ қағаздың бетiнен
Сауылдап төгiлдi.
Ақынның –
Асылын жоғалтқандай –
Омыртқасы опырылып, –
Қабырғалары
Қақырап сөгiлдi.
Өлең дәптерiн –
Тағы да, тағы да –
Күйiнiп қақты.
Ақынның
Жанының жылуын,
Қанының қызуын
Сiңiрген әрiптер
Құйылып жатты.
Дүние –
Найзағай жарқылына,
Аққудың сұңқылына,
Қаздардың қаңқылына,
Тұяқтың дүбiрiне,
Шөптердiң дiрiлiне,
Желдердiң гуiлiне
Толып кеткендей болды.
Тасқындар сарқырап
Соғып кеткендей болды.
Тiршiлiк қалтырап
Тоңып кеткендей болды.
Күн күркiредi.
Жер тiтiрендi.
Ақын жылап тұрды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күндердің күнінде өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күндердің күнінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күндердің күнінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күндердің күнінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері