Жақсы сөз
Бұл бетте «Жақсы сөз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақан Әзiретбергеновке
Мен бүгiн
Жанымды майдай ерiткен
Жақсы сөз естiдiм.
Сол сөзден
Тұла бойымды
Құрсаған көк мұз
Сеңдердей сөгiлiп
Сатырлап түстi.
Достарым
Көңiлiмнiң суын –
Кермек болса да! –
Жапырлап iштi.
Сол сөзден
Өн бойым босап –
Жерге түскен дәндей боп –
Дертiп тұрдым.
Аршаның күлi қосылған
Насыбай атқандай –
Манаурап! –
Елтiп тұрдым.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі