Әурешілік – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Әурешілік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 753
Ұмтылдым.
Жұлқындым.
Пайда таппадым.
Басқаша
Айла таппадым.
Қаншама бекiнсем де
Қайтадан – көктайғаққа! –
Орнымнан тұра алмай
Жалп ете түсемiн.
Қаншама секiрсем де
Резеңкемен – аяғынан! –
Байлап қойған шегiрткедей
Бұрынғы орныма
Сарт ете түсемiн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері