Не боп кеттi дүние?

Бұл бетте «Не боп кеттi дүние?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 747
Дүние алжасты.
Елдер мен елдер
Бiрiн бiрi
Тозақтың iшiне тығып
Қамап жатыр.
Бiрiн бiрi
Қанжоса қып
Талап жатыр.
Есiнен адасқан-сынды
Байыпты да!
Бiреуi
Алтын жалатқан бокалы үшiн,
Бiреуi
Белiне түскен сақалы үшiн
Айыпты ма?!
Не боп кеттi дүние?
Әлем
Тас-талқан боп
Бұзылып жатыр.
Жердi шаңдып тұрған
Ендiк пен бойлықтарым –
Дауылды күнгi
Керме мен белдеулердей! –
Үзiлiп жатыр.
Не боп кеттi дүние?
Бiрiн-бiрi
Топыраққа қанын қосып
Балшықтай илеп жатыр.
Сенiмдер жапырақтай солып,
Үмiттiң уықтары
Партылдап сынып
Күйреп жатыр.
Бойыңды тiктесең –
Даурығып жатқан
Аттанға түсердейсiң.
Аяғыңды бассаң –
Тоқпан жiлiгiңнен! –
Қақпанға түсердейсiң.
Қозғалсаң –
Құлап кеткелi тұрған
Қара жарға
Басылып қалардайсың.
Орныңда тұрсаң –
Дарға iлiнiп
Асылып қалардайсың.
Не боп кеттi дүние?
Адамдардың
Алайып кеткен
Үрейлi көздерi
Әлi де
Жол қарап тұр...
Жер – анамның
Көзiнен – жас,
Тұла бойынан қан
Сорғалап тұр.
Не боп кеттi дүние?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не боп кеттi дүние? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Не боп кеттi дүние? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не боп кеттi дүние? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не боп кеттi дүние? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері