Мұхтар Шаханов алпысқа келді

Бұл бетте «Мұхтар Шаханов алпысқа келді» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 692
Маңдайында – Желтоқсанның! –
Ұйып қалған қаны бар
Горбачевпен айқасқан,
Талай-талай әңгүдiк
Жандайшаппен шайқасқан
Мұхтар Шаханов
Алпысқа келдi.
Елi мен жерi үшiн
Шiренiп жатқан —
Шынжырларыңды! —
Үзiп кететiн;
Шалқайып жатқан
Шың-құздарыңды
Бұзып кететiн;
Жалғыз жалау боп
Топқа кiретiн;
Алау-далау боп
Отқа кiретiн
Мұхтар Шаханов
Алпысқа келдi.
Халқын ойлаған кезде
Бұрқырап.
Тасып кететiн;
Арнасынан асып кететiн;
Өлеңдерi!
Таудан аққан – селдей боп! –
Жүйткiп жататын;
Аңғардан соққан –
Желдей боп! –
Ұйытқып жататын
Мұхтар Шаханов
Алпысқа келдi.
Күшiнде – өлмейтiн! –
Айқасы бар;
Iшiнде – сөнбейтiн! –
Жайтасы бар;
Әлемдi аралап
Самғап жүрген;
Отырарын –
Қайырхан бабасындай
Шыңғысханнан! –
Қорғап жүрген
Мұхтар Шаханов
Алпысқа келдi.
Жаны жақсылыққа
Елжiреп тұратын;
Елi
Ержүрек тұтатын
Мұхтар Шаханов
Алпысқа келдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұхтар Шаханов алпысқа келді өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мұхтар Шаханов алпысқа келді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұхтар Шаханов алпысқа келді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұхтар Шаханов алпысқа келді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері