Опасызға – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Опасызға» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 552
Тiлiмдi қырқып,
Дiнiмдi құртып
Жоқ еткiң келедi.
Өзiңдi
Өз ұлтыңа атылатын
Оқ еткiң келедi.
Сенiң сөзiңдi естiп
Су тиген кесектей езiлдiм.
Қаныңа қан,
Жаныңа жан берген,
Омырауын емiзген
Ұлтыңнан неге безiндiң?!
Опасыз!
Опасыз –
Қашан да Отансыз.
Жартасты
Итерiп құлатып
Мен сенi
Бастырып тастағым келедi.
Немесе қатырып
Тас қылып тастағым келедi.
Күл-қоқысты
Сенiң басыңа
Үйгiм келедi.
Көлдердi алып қазандардай
Сақылдатып қайнатып
Төбеңе
Құйғым келедi.
Емен, бәйтеректер –
Астына бүктеп! –
Адырайған тамырларымен
Сүйегiңдi күтiрлетiп сындырып
Қысса екен деймiн!
Сенi
Самұрық құстар –
Қара құсыңнан бүрiп! –
Алып ұшса екен деймiн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Опасызға өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Опасызға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Опасызға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Опасызға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері