Сансыраған хал
Бұл бетте «Сансыраған хал» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бүгiнде
Өз жерi мен өз елiнде
Тiлiм мен дiлiм
Екi бүктелiп
Бүкшиiп тұр.
Озбыр пейiл мен
Зұлым пәрменнен
Жан-жүрек шошынып
Тiксiнiп тұр.
Әне бiреулер –
Өтiрiктi
Қардай боратып
Сапырып жатыр.
Құдай-ай,
Құдай-ай! –
Арыстай азаматтар
Оққа байланып
Атылып жатыр.
Соларды ойласам
Санам сарсылып,
Жан-жүрегiм
Ала-құйын
Дауыл боп кетедi...
Бәрiнен безiнiп
Төсегiме құласам –
Жамылған мамық көрпем
Қабiрдiң топырағынан да
Ауыр боп кетедi.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі