Өлең, жыр, ақындар

Сандырақтап жатқанда

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 665
... Мына бiр
Қара шұбар жыландардың
Шиыршық атып
Ысқыруын-ай.
Мына бiр
Сұмпайы желдiң
Қай-қайдағыны жеткiзiп,
Iшiн тартып
Ышқынуын-ай!
Апыр-ау,
Қаптаған қалың гүлдердiң
Кекiлдерiнен
Қан тамып жатқаны несi?!
Дөңбектей-дөңбектей
Қап-қара тастардың –
Аунақшып! –
Зар қағып жатқаны несi?!
Өрмекшiнi өрмекшi
Тыпыр еткiзбей
Торлап жатқаны қалай?!
Iбiлiстi iбiлiс –
Шыңғыртып! –
Зорлап жатқаны қалай?!
Бұл не сұмдық? –
Көзiмдi ашсам
Күйедей қап-қара
Бәленi көрем.
Арса-арса боп
Төңкерiлiп жатқан
Төбенi көрем.
Әйтеуiр бұл тiршiлiктiң
Үнi де бөтен,
Тiлi де бөтен,
Түрi де бөтен...
... Сонан кейiн –
Аңлап байқасам! –
Сандырақтап жатқан
Мен емес,
Сандырақтап жатқан
Мына жалған
Дүние екен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүниеде үшеу жүр

  • 0
  • 0

Дүниеде үшеу жүр.
Бiреуi
Өзiнiң iшiне кiрiп,
Бiреуi

Толық

Қиянат соғыс

  • 0
  • 0

Тағы да жер үстiн
Зұлмат басты.
Әлемдi
Шешуi де жоқ,

Толық

Үлгеру керек бәрiне

  • 0
  • 0

Үлгеру керек бәрiне!
Елiрiп босқа есiңнен танып емiнбей,
көз сүзбей гүлге, көктемге,
көшеге, баққа, аспанға, —

Толық

Қарап көріңіз