Бұл бетте «Соңғы сөз алдындағы соңғы сөз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Майы таусылған шамдай боп
Сөнiп барамын.
Иесiз қалған тамдай боп
Шөгiп барамын.
Қай жаққа жүрсем де
Жұрт көрiп-бiлмеген
Сүргiн тұрады.
Қай жаққа қарасам да
Қап-қараңғы үңгiр тұрады.
(Үңгiр iшi, құдай-ау,
Толы шайтан,
Үңгiр iшi, құдай-ау,
Толы сайқал).
Не iстейiн?!
Амалым жоқ!
Бұлттың астынан
Бiр рет көрiне алмаған
Ай сияқты
Дүниеден озып барамын!
Күн жеп,
Жел мұжып,
Құрт-құмырсқа үңгiген –
Төмпешiктей! –
Тозып барамын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі