Пейзаж – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Пейзаж» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 771
Ұлы Алатаудың –
Ұлы керуендей! –
Ауқым-ауқым бұлттарды
Үстiне
Теңдеп алғанын қарашы.
Сұқ көз бен
Сұм сөз сұқтанатындай
Сәндеп алғанын қарашы.
Тiпә-тiпә!
Ендi, мiне,
Жалаңдаған дойыр найзағайлар
Оның сауырынан
Тартып-тартып жiберердей.
Сол кезде Алатау
Шудалары желкiлдеп
Бұлт-теңдерiн артып ап
Қиыр алыстарға
Тартып жөнелердей.
Не iстесем екен?
Осы бiр көрiнiске
Телмiрiп қадалып
Тұрған орнымда
Таңқалып қалсам ба екен?!
Жоқ әлде –
Керуендерге қапталдан тиетiн,
Көшпелiлер ұрпағымын ғой! –
Дөңкиген бiр бұлтты
Алатаудың үстiнен –
Домалатып! –
Аударып алсам ба екен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пейзаж өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Пейзаж өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пейзаж өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пейзаж өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері