Түсінсеңдерші – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Түсінсеңдерші» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 698
Қазiр менiң
Сыртым – бүтiн
Iшiм – түтiн.
Сол түтiн
Бықсып жанып
Жан-жүрегiмдi қамап,
Өкпе-қолқамды қауып тұр.
... Сол түтiнде,
Мен бiлсем,
Қатерлi қауiп тұр.
Iшкi әлемiм
Одан сайын
Көкала түтiн боп
Бықсып кетедi.
Көзiмнен жас
Ыршып кетедi.
Демiм жетпей
Алқынып қалам.
Қайрат, қуаттан
Сарқылып барам.
Мәртебелi
Мемлекет басшылары! –
Түтiн астында
Қозданып жатқан
Шоқ болады,
Ал шоқта
Ертең лап ете түсетiн
От болады!
Соны түсiнсеңдершi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері