Кеңшiлiк Мырзабеков – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Кеңшiлiк Мырзабеков» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 686
Кеңшiлiк!
Сен бәрiмiзден басқа,
Бәрiмiзден бөлек едiң.
Ерек едiң!
Сен бiрде екпiн,
Бiрде серпiн болатынсың.
Сахнада тұрғанда да
Көшеде тұрғандай
Еркiн болатынсың.
Сен ешуақта да
Бiреуге жақсам деп
Ойланбайтынсың.
Содан ба,
Кейбiр тымырсық отырыстарды
Бомба жарылғандаай
Ойраңдайтынсың.
Жамандықты да
Жақсылықты да
Көңiлге тоқитын едiң.
Өлең оқығанда да
Мына лас тiршiлiкке
Қарағың келмейтiндей
Көзiңдi тарс жұмып
Оқитын едiң.
Сен иiлмейтiн едiң,
Сен қырқылатынсың.
Бiз именiп
Ұмтылатын жерлерге
Сен
Кимелеп ұмтылатынсың.
Күлсең де
мына өмiрдi
Мазақ етiп күлгендей
Күлетiнсiң.
Жүрсең де
Мына өмiрдi
Иығыңмен қағып жiберердей
Қайқаң-қайқаң етiп
Жүретiнсiң.
Өзге емес,
Өзiңдi өзiң
Тар жол,
Тар қыспаққа салып
Қинайтын едiң.
Бiз сиған мына өмiрге
Бiрақ сен симайтын едiң.
Ақыры симай кеттiң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеңшiлiк Мырзабеков өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Кеңшiлiк Мырзабеков өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеңшiлiк Мырзабеков өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеңшiлiк Мырзабеков өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері