Бұл бетте «Ақиқатты соттау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүттей аппақ,
Сәуледей нұрлы Ақиқат
Қамауға түсті.
... Сол кезде
Әне бір оңбаған
Мас болып
Елтаңбаны былғап,
Жалауға құсты...
Бірақ оған —
Мынаусы сұмдық қой! – деп
Ешкім де мән бермеді.
(Өйткені жұрттың
Ол бір сәтте
Ары мен намысы
Өлген еді).
Бәрі жабылып
Ақиқатты ортаға ап
Сабап жатты:
Қолын қайырып сабады,
Жағын айырып сабады,
Жындай құтырып сабады,
Терісін сыпырып сабады.
Бірақ Ақиқат,
Тұла бойынан
Қып-қызыл қан
Сорғалап тұрса да,
Айтқанынан қайтпай қойды.
Күткен сөздерін
Айтпай қойды.
Сонда да – Оған! –
Сүйрелеп апарып
Соттың алдында
Жала жапты...
... Қанаттарын
Өрт шарпыған,
Көздерінен
Жас сорғалаған
Аппақ періштелер
Осы бір елден –
Сыңсып жылап! –
Безіп бара жатты.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі