Базарға барғым келмейді

Бұл бетте «Базарға барғым келмейді» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1198
Шолпан, қинама! –
Сен, сенбе,
Сен мейлі,
Менің базарға
Барғым келмейді.
Базардан не көрем! –
Қазақты көрем,
Қазақты көріп
Азапты көрем;
Дорба сүйреткендер де
Қазағым,
Арба сүйреткендер де
Қазағым,
Құлап жатқандар да
Қазағым,
Жылап жатқандар да
Қазағым,
Сұрап жатқандар да
Қазағым...
Қазағым,
Қазағым,
Қазағым, –
Азабым!
Шолпан, қинама! –
Сен, сенбе,
Сен мейлі, –
Менің базарға
Барғым келмейді.
Қазақтың азабын
Көргім келмейді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Базарға барғым келмейді өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Базарға барғым келмейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Базарға барғым келмейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Базарға барғым келмейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері