Меңдеш Салихов

Бұл бетте «Меңдеш Салихов» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 696
Меңдеш,
Мен үшін сен
Жұрттан бөлек,
Елден ерек
Тосынсың.
Өйткені
Сен менің
Ең асыл
Ең жақын
Досымсың!
Сен, Меңдеш,
Өмірге,
Өнерге,
Өлеңге
Ғашық тұлғасың.
Мен үшін сен
Қаптаған көп жұрттан
Оқ бойы озық
Асып туғансың.
Сен қашанда
Үн- түнсіз
Жүре алмайсың.
Мен сені білемін,
Мойынын ішіне тыққан
Момақан өмірді--
Тіпті де!--
Сүре алмайсың.
Сондықтан
Сен кілең
Намыстан өртеніп
Дау менен дамайға
Алау- далау боп
Білекті сыбанып
Кіріп барасың!
Кіріп барасың--
Шындықты қорғап
Бітіспес
Бүлік саласың!
Сен күлсең де,
Ескен желдей боп
Аңқылдап күлесің.
Мен сені
Қашан көрсем де
Бойыңнан
Нұрың құйылып,
Сәулең төгіліп,
Шуағың шашылып
Жарқылдап жүресің!
Мен сені
Жақсылық туы тігілген
Ордалым дер едім.
Мен сені
Арқа сүйер тірегім,
Қамқор болар
Қорғаным дер едім.
Бар бол, Меңдеш!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Меңдеш Салихов өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Меңдеш Салихов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Меңдеш Салихов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Меңдеш Салихов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері