Сырдарияда суға кету – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сырдарияда суға кету» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 715
Мына өмірде
Көргенім көп менің...
Бала кезімде
Сырдарияға
Суға кеткенмін.
Сол күні мені
Ауға түскен балықтай
Ажал торлаған:
Бойымнан әл кетіп
Бір батып,
Бір шығып
Жағаға жете алмай
Сорлағам...
Қаншама жыл өтті.
Бірақ мен бәрі- бір
Түншығам—
Сол судан мені
Ешкім де құтқармағандай.
Өйткені әлі күн
Мына өмірде
Жағаға жете алмай
Бір батып,
Бір шығам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері