Тақта отырған тұтқын – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Тақта отырған тұтқын» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 734
(Диктаторлар мен деспоттарға)

Алдап сөйлейсің,
Жаныңды
Жалдап сөйлейсің.
Халқыңды
Құтандай көріп
Байлап сөйлейсің.
Не деген ұтқырсың!
Бірақ бәрі – бір
(Жұрт біліп отыр ғой)
Тақта отырсаң да
Тұтқынсың!
Сенің бар жағың
Барқытпен қапталып,
Мақпалмен түптелген.
Алтынмен апталып
Күміспен күптелген.
Жан-жағың алдау,
Жан-жағың қанау,
Жан-жағың қамау,
Жан-жағың...
Алау да далау.
(Сен бәрі-бір
Кетіп барасың,
Жұлдызың сөніп,
Айың жылжып
Өтіп барасың).
Бірақ сен оны
Құлаққа ілмейсің, –
Қаншама айтса да
Білгіштер...
... Тақта отыр ғой,
Тақта отыр ғой,
Сол тақтың тұтқыны
Ең басты қылмыскер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тақта отырған тұтқын өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тақта отырған тұтқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тақта отырған тұтқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тақта отырған тұтқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері