Әулекі

Бұл бетте «Әулекі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 753
Сыймайсың аспан асты, жер бетiне.
Даярсың түкiруге ел бетiне.
Өңештi кепкен көндей жыртатұғын
Тап болдық сен сияқты әулекiге.
Жимайсың, –
Бiлем ендi! –
Айылыңды.
Бiлмейсiң кiнә менен айыбыңды.
Қарақан – қара бақыр! – басың үшiн
Талайсың Парасат пен Пайымымды.
Бiлмейсiң мейiрiм мен қайырымды.
(Үмiтiм сенен ендi майырылды).
Танымай жүр екенсiң Жайыныңды! –
Бiр түртiп жоқ қылатын қайығыңды.
Бiр болып сұрқиямен зәлiмменен
Кезiң бұл сөзге ие боп «дәуiрлеген».
Жабысқан балағына Арыстардың
Тұрпатың құрысыншы шәуiлдеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әулекі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Әулекі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әулекі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әулекі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері