Әупілдек

Бұл бетте «Әупілдек» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 938
Жылдарым — жадау,
Айларым – жүдеу,
Кім келіп
Қолтықтан демейді?!...
Бүгінде
Елім мен жерімде
Күшеншек, тыраш
Әупілдек көбейді.
Олардың дәл қазір
Әлемді аралап
Кеткен атағы.
Күн-түні әйтеуір,
Ауыр бір нәрсені
Көтере алмастан
Қиналып жатқандай
Әуп-Әуп-Әуп деп
Әупілдейді де жатады.
Бұл неткен
Күшті деп
Бостан-бос егеспе?
Әупілдек дегенің
Дауысы ғана зор,
Әлсіз, әлжуаз
Шынашақтай ғана
Құсың емес пе?!
Дәл қазір сол құстың
Әуп-Әуп-Әуп дейтұғын
Дауысын есітіп
Қаның қайнайды,
Жаның жанады...
Бірақ, қайтесің,
Бұл заман —
Күшеншек, тыраш
Әупілдектің заманы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әупілдек өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Әупілдек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әупілдек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әупілдек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері