Бұл бетте «Тақта отырған тұтқын» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Диктаторлар мен деспоттарға)
Алдап сөйлейсің,
Жаныңды
Жалдап сөйлейсің.
Халқыңды
Құтандай көріп
Байлап сөйлейсің.
Не деген ұтқырсың!
Бірақ бәрі – бір
(Жұрт біліп отыр ғой)
Тақта отырсаң да
Тұтқынсың!
Сенің бар жағың
Барқытпен қапталып,
Мақпалмен түптелген.
Алтынмен апталып
Күміспен күптелген.
Жан-жағың алдау,
Жан-жағың қанау,
Жан-жағың қамау,
Жан-жағың...
Алау да далау.
(Сен бәрі-бір
Кетіп барасың,
Жұлдызың сөніп,
Айың жылжып
Өтіп барасың).
Бірақ сен оны
Құлаққа ілмейсің, –
Қаншама айтса да
Білгіштер...
... Тақта отыр ғой,
Тақта отыр ғой,
Сол тақтың тұтқыны
Ең басты қылмыскер.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі