Фариза Оңғарсынова – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Фариза Оңғарсынова» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 668
Фариза - ақын,
Сен ешуқта да
Жай сөйлей алмайсың.
Сен қашанда
Дауылды күнгі
Шөл дала құсап
Бұрқырап сөйлейсің.
Жай күннің өзінде
Жесір мен жетімің
Жау қолында кеткендей
Жан-жүрегіңмен
Шырқырап сөйлейсің.
Лап ете түсесің!
Жарқ ете түсесің!
Сынсаң да
Майысып сынбай,
Морт кетіп
Шатырлап сынасың,
Өз-өзіңнен қайнап
Астаң-кестең төгіліп
Сақылдап тұрасың.
Маужырап
Қалғып кеткен
Мына қоғамды
Бірде кеп шауып,
Бірде кеп найзалайсың.
Сен егер
Найзағай болсаң да
Қара жартасты
Қақ айырып жіберер
Найзағайсың!
Сондықтан да сен
Бықсық сөз,
Бұқпантай тірлікті
Ұға алмайсың.
Сондықтан да саған
Ер адамның өзі
Тұрмысқа шықпаса,
Ер адамға сен
Тұрмысқа шыға алмайсың.
Кей-кей кезде
Атырау теңізінен
Үзіліп шыққан
Долы бір толқын құсап
Өтетінің-ай...
Намыс кеп
Буған кезде —
Нақақтан нақақ
Қолыңа — кісен,
Аяғыңа — бұғау түскендей —
Бұлқынып кететінің-ай.
Білемін:
Саған бүгінде
Бір пәле жабысам дейді,
Сенімен алысам дейді.
Сенемін:
Сен оған да
Бір “бүлік” бастайсың.
Сен оның
Мойынын қайырып,
Жағын,
Аузымен қосып
Айырып тастайсың!..
Фариза - ақын,
Алла тағала
Бойыңа қуат,
Ойыңа шуақ берсін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фариза Оңғарсынова өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Фариза Оңғарсынова өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фариза Оңғарсынова өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фариза Оңғарсынова өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері