Ертегісіз шындық – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ертегісіз шындық» атты Темірхан Медетбек жазған шындық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 690
Мына біреу келді де
Тып-тыныш күнімді
Ұмар да жұмар қылды.
Жарқырап тұрған күнімді
Түртсе көргісіз
Тұман қылды.
Сол-сол екен
Оңға жүрсем
Солға кеттім,
Солға жүрсем
Оңға кеттім...
Бүгініме
Зорға жеттім.
Жер астынан шыққандай
Қасыма келген
Ербиген біреу
Мені бір
Жансыз зат сияқты
Олай-бұлай
Қарап алды.
Сонан кейін
Өз-өзінен ашылған
Қара жер астынан
Қару-жарақ алды.
Далама ілінген
Айна сияқты
Атырауым мен
Балқашымның,
Аралым мен
Алакөлімнің беттерін
Бір-бірден ұрып
Быт-шытын шығарды.
Ербиген сол жанның
Түр-түсін
Анықтап! —
Біле алмай қалдым.
Дүние тұман-ды.
Сонан соң ол
Алдаспанымен
Тауларымның
Сүбелі жерлерін
Жонып алды.
Жерімнің
Түпсіз тереңіне
Түтіктерін жіберіп
Бар қанын
Сорып алды.
Бұл ісіне ол
Асып-саспады.
Шыдай алмастан
Айқай сап жүгіріп ем,
Басымды —
Доптай домалатып! —
Шауып тастады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ертегісіз шындық өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ертегісіз шындық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ертегісіз шындық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма шындық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ертегісіз шындық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері