Бұл бетте «Астана қысы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түкірген түкірігің
Қара жерге
Мұз боп тұсетін,
Суықтан бетің
Асқабақтай боп
Домбығып ісетін,
Ашық қалған құлағың
Тоттанған қаңылтырдай
Қаудырлап үсетін
Мына суықтың
Сұрапылын-ай!
Ұйтқыған боранның
Бетіңді оңға бұрсаң
Оң жақтан,
Солға бұрсаң
Сол жақтан,
Бүкшисең —
Жердің астынан
Суырылып ұратынын-ай.
Айналаң түгел
Үйіріліп
Ұйтқып тұр —
Шайтан-бәлелердің
Жын салғанындай.
Апыр-ай,
Мына сукықтың
Дүние тірлікті
Темір торлардай
Құрсаулауын-ай.
Суықтан
Құмдай боп кеуіп қалған
Ақ қарды бассаң —
Аш адамның
Кепкен нан шайнағанындай
Қаршылдауын-ай.
Ағаш біткеннің
Тұла бойларына
Діріл кіріп
Қалшылдауын-ай.
Мына суңықтан
Есім адасты–-ау:
Етегі алау-далау
Боранға оранып
Жатқым келеді;
Бәрінен бұрын,
Желең киінген
Ескерткіштердің үстіне —
Біреуінен басқасына —
Тоңып қалды-ау деп
Тон апарып
Жапқым келеді.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі