Әжейлердің өркеші – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Әжейлердің өркеші» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.12.2015
  • 0
  • 2
  • 14511
Тұлымды да кекілді
Тату үйдің еркесі:
Немерелер Секілді
Әжейлердің өркеші.
Көрмегеңдер өкінді
Келінінің көжегін.
Бағасы пәс секілді
Өркеші жоқ әженің.
Жырқұмарлар іңірде
Жиналар от басына,
Өркештерін бір-бірден
Қойып қойып қасына.
Жылуы мен шуағы
Мәңгі өшпейтін ошақта.
Ұйқтап олар шығады
Өркештерін құшақтап.
Жас отаудың шырағы,
Жарқыраған шамы әрі:
Ол өркештер тұрады
Екі-үш жылда жаңарып.
Боз қыраулы жауынды
Бар ғой талай межелер...
Өсіретін ауылды
Сол өркешті әжелер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

мәмет бағдат

тамаша өнер

Нурила

Керемет

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар