Тұңғыш борозда – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Тұңғыш борозда» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 992
Солтүстіктен суылдап,
Жылы жаққа құс қайтып,
Боз торғайлар шырылдап
Көктем жырын, ұшты, айтып.
Түсіп тұңғыш борозда
Алқабына Аққабақ,
Жыр жолындай қағазда
Жонды сызған тақталап.
Тың сауырын күйдіре
Күн қақтаған түздегі,
Жерге із салған, тілдіре,
Тракторлар тізбегі...
Трактормен тілімдеп,
Жігіт жердің алқабын,
Тіркеушіге күлімдеп
Бұлғап қояд қалпағын...

1954


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері