Кей жолдасқа
Бұл бетте «Кей жолдасқа» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кей жолдастың байқасаң мінез, құлқын,
Кейде — кірбең керілген, кейде сылқым.
Кейде жылы шыраймен жақындасса,
Кейде — сөзге үйір-ақ қиқым-сиқым...
Толқын ұрған қайықтай қайқаң қағар
«Қит еткенге бұлтитып екі ұртын»,
Ұстараның жүзіндей аударылып,—
— «Бір күн бетін береді,
бір күн сыртын...
Ащы-тұщы кезде де айнымайтын
Есті досқа жететін не бар шіркін?!
1955
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі