Кең залында Кремльдің

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 609
Коммунист партиясы —
деген атты
Ең құрмет тұтып
бастан ел ұнатты!
Ғасырлар шыңдарынан көктей өтіп
Бастады ол —
алға бүкіл адамзатты.
Езілген елді өрлете тың ғасырға,
Шығарып миллиондарды ірі асуға
Халықтар бақытының
шыңы болған
Бесігі —
бұл партия —
Россия!
Партия,—
ылғи алға басқан қадам,
Күні жоқ жеңіске елін бастамаған!
Өсірген әкем де — сол,
анам да — сол!
Еш уақта,
мені, артқа тастамаған.
Тағы да —
кең залында Кремльдің
Бас қосқан —
коммунистер жүрегінің
Сеземін соғуынан коммунизм
Шыңына жолын сызған
Ұлы елімнің!

1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кең залында Кремльдің өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Кең залында Кремльдің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Кең залында Кремльдің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кең залында Кремльдің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері