Май сәулеті

Бұл бетте «Май сәулеті» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 677
Тамаша, сүйем көркін осы майдың!
Өзі бір жырдай сұлу асылы айдын.
Аспаннан аңсап ұшқан аққу, қазды
Тұр мөлдір көк толқынды тосып айдын.
Шағылып күнге Алатау күміс қары,
Бусанып, кеңіп жердің тыныстары,
Бүгінгі майдың таңғы шапағындай,—
Ел тойлап, қолға қызыл ту ұстады.
Сыйғандай жанарына жердің беті,
Сол туда ұлы Ленин тұр келбеті,
Жүрегі тірі Ленин жүрегімен,
Бір соғып, дана ұрпағы — жүр перзенті.
Кәрі ана көтеріп жас немересін,
Майдағы толқынына ел неге ермесін?
Көрсетіп жүр сәбиге ел шаттығын
Кернеген көк жиектің кенересін.
Тойдан кеш пионерлер қалатындай,
Асығып, соққан өмір сағатындай,
Гүл ұстап сап-сабымен өтіп жатты,
Құлашын сермеп құстың қанатындай!
Түскендей бір ой кенет сәл есіне,
Үш жасар бала сонда әкесіне:
— Не деген көп бала бұл? Айтшы,— деді,
Барлығы кім баласы білесің бе?
Сүйсініп сұрағына ана дағы,—
Жауапты ойлануға қарамады,
— Білемін, балапаным! Гүлдей өскен
Бәрі де,— деді,— Ленин балалары!

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Май сәулеті өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Май сәулеті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Май сәулеті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Май сәулеті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері