Құм қызының жүзімі – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Құм қызының жүзімі» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 763
Қымтай тастап қаланы
Құмның жалпақ табаны,
Ордадан сәл жоғары
Тұрды жүзім алаңы.
Жүзім бағын осындай
Копетдағы төсінде
Көргем, бармақ басындай
Миуасы бал есімде...
Таңырқатқан көргенді
Бағы еді ол ферюза,
Құмнан көріп соны енді,
Болды жаным риза.
Жасыл жүзім үлбіреп,
Көк маржандай тізіліп,
Қыз көзіндей мөлдіреп,
Көрінді, кеттім қызығып.
Сол жап-жасыл жүзімді
Жинап жатты қыз тобы,
Көзіме сонда сезілді
Жүзім көз бүкіл қыз толы.
Осы қыздар көзінің
Бояуындай көк мөлдір,
Сүйді ерінім жүзімін,
Секілді өзін өпкен бір.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері