Өлең, жыр, ақындар

Жалпақтал

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 900
Жүзіңді жылдар аңсаған,
Жаңа көрдім, Жалпақтал,
Жұртыңды жылы қарсы алам,
Жырымды да байқап қал.
Толықсып шықты алдымнан
Толқынды Қара өзенің,
Көгінен нұрын ай құйған
Құшағын жайды өз елім!
Осы бір өзен есімде
Дауылды сонау жылдардан
Ақ арғымақ үстінде
Жорықта Чапай жүлде алған.
О, Қара өзен, алыстан
Көпірің жатыр шалқайып,
Төсіңде тұңғыш танысқан
Фурманов пен Чапаев.
Сол елдердің жорықтан
Тұлпарының ізіне
Егін дәнін толқытқан
Ел көрінді көзіме.
Қырына көзім қадалса
Қойлар жатыр қаптаған,
Жұлдызды шопан тұр
Айша Еңбегін ел мақтаған.
Көшімнен су ішіп шұбырған
Үйірлі қызыл киіктей,
Еділбай қойы мыңғырған,
Еңбегі шопан биіктей.
Егінің бай, суың бал,
Еркін өскен ел озық,
Сәлем берем, қабыл ал,
Амандасам қол созып.

1958



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаз

  • 0
  • 0

Сөнеді көктем сөнеді.
Келеді жайнап ыстық жаз,
Шыбын-шіркей ереді,
Шымшып шыққан гүлге мәз.

Толық

Қусақ өзенінде

  • 0
  • 0

Қусақтың өзені ел өрісіндей,—
Далаға шашқан таудың күмісіндей,
Тентегі Текелінің тасығанда
Құлынның үзіліпті желісіндей...

Толық

Тұтас

  • 0
  • 0

Есімде... профессор ділмар Фатов
КАЗПИ-де лекциясын алға тартып,
Сөйлесе, ұйып тыңдап бір жас шәкірт
Тұғырға қонақтаған құстай қатып,

Толық

Қарап көріңіз