Гагра

Бұл бетте «Гагра» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 844
Аясын кең Абхаздың
Ашып теңіз жарына,
Бұлт түндігін шат-құздың
Түрген таулы Гагра.
Қара теңіз заңғардың
Толқыны жар соғып бір,
Тас емшегін таулардың
Солқылдата сорып тұр!
Алды теңіз, арты тау,
Кәрі қорған Гагра,
Әр тасында жатыр-ау! –
Заманғы аңыз жаңғыра...
Әлдиленіп ақ бұлтқа
Тербеледі тау басы,
Ұсап жанған жақұтқа
Жайнап-ақ тұр миуасы.
Гүлі күлте, бойы тік
Кипарисі, пальмасы,
Көзді көрген ұйытып
Өскен сұлу тұлғасы.
Алды теңіз, арты тау,
Неткен сұлу Гагра!
Көркіне енді япыр-ау, –
Не жетпейді тағы да?!
Қара теңіз заңғардың
Толқыны жар соғып бір,
Тас емшегін таулардың
Солқылдата сорып тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гагра өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Гагра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гагра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гагра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері