Қыздың тамшы көз жасы

Бұл бетте «Қыздың тамшы көз жасы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1274
Қыз көзіне жас алар,
Қатты,
я тәтті минутта..,
Дірілдесін қос анар,
Жүрегін жаз үн қат та...
* * *
Рицаның жолында,
– «Анау, Шерба тауы!» – деп
Шал бір шыңның жонында
Сөйлеп кетті,
қағып иек:
«Шербачидзе ордасы
Тұрған сонау үш таған,
Әйелдікке тауда осы
Он екі қыз ұстаған.
Кенже әйелін оңаша
Шың қорғанда бағыпты,
Көрікті екен тамаша,
Жылап көзі ағыпты...
Кенет бір түн тас болып,
Сұлу семіп қалыпты,
Қара тасқа жас толып,
Тастан тамшы тамыпты...»
Жалт қарасам: көк тастан
Көз жасындай тамшы ағып,
Тұрды сырын ашпастан,
Тілсіз жартас томсарып!..
Ол бір бағы заманның
Өткен мұңды ізі де,
Әжімі ескі мұң-зардың
Қалыпты тас жүзінде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыздың тамшы көз жасы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қыздың тамшы көз жасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыздың тамшы көз жасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыздың тамшы көз жасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері